Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау": Атырау әкімі білім күніне орай жағымды жаңалықты бөлісті

Опубликовано:

Гүл ұстаған оқушы
Гүл ұстаған оқушы. Көрнекі фото: pixabay.com

Білім күніне орай Атырау қаласының тұрғындары 1 қыркүйек күні автобуста тегін қатынайды. Бұл туралы қала әкімі Шәкір Кейкин Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

Шәкір Кейкиннің айтуынша, мемлекеттік мереке күндері автобустарда тегін жүру акциялары қалада бұрын ұйымдастырылып келеді.

"Осыған байланысты өзімнің тарапымнан оқу жылының алғашқы күнінің маңыздылығын ескеріп, ата-аналар мен оқушыларға, мұғалімдер мен басқа да қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында автобуста тегін қатынау туралы "Ақжайық", "Атырау", "Алғабус" автопаркі басшыларына ұсыныс білдірген болатынмын.

Аталған автопарк басшылары ұсынысымды бірауыздан қолдап, 1 қыркүйек күні Атырау қаласы және қалаға қарасты елдімекендерге қатынайтын барлық маршруттағы автобустың тегін қызмет көрсетеуге дайын екенін айтты", - деп жазды қала басшысы.

Осы орайда Шәкір Кейкин біркүндік акцияны қолдаған автопарк басшылары мен қызметкерлеріне алғысын айтты.

"Мектеп табалдырығын аттағалы тұрған оқушыларды, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналарды білім күнімен құттықтай отыра, жаңа оқу жылында сәттілік тілеймін!", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034740-turgyndarga-koterinki-konil-kui-syilau-atyrau-akimi-bilim-kunine-orai-zagymdy-zanalyqty-bolisti/

pixel