Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жөндеу жұмыстары аяқталмаған мектеп оқушылары көрші ауылға қатынап оқитын болды

Опубликовано:

мектеп автобусы
Оқушыларды тасымалдайтын автобус. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында екі мектептің оқушылары күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғанша басқа ауылда оқуға мәжбүр. Балалар тасымалданатын ауылдардың бірі 5 шақырым болса, екіншісі 8 шақырым қашықтықта, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мәліметінше, қазір өңірдегі 13 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде он мектептегі жөндеу жұмыстары биыл аяқталса, қалған үш мектептегі күрделі жөндеу жұмыстар келесі жылға дейін жалғасады.

"Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан 13 мектептің кейбірінде оқу процесі ұсақ-түйек, сыртқы қаптау, әрлеу жұмыстарына байланысты өз мектептерінде жүргізіледі. Екі мектепте оқушылар көрші ауылдағы мектептерге тасымалданады. Сонымен қатар бір мектепте бейімделген ғимаратта, қалған мектептерде қасында орналасқан мектеп-колледжде сабақ өтеді. Оларда бекітілген кесте бойынша жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы керек. Шатыр ауыстыру, ішкі жұмыстар, есік ауыстыру, еденін төсеу жүріп жатыр", - дейді облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнара Сәрсенғалиева.

Білім сапасын бақылайтын мекеме басшылары күрделі жөндеу жүріп жатқан мектептердегі оқу процесінің дұрыс жүргізілуі үнемі назарда болатынын жеткізді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, Әйтеке би ауданы, Еңбекту мектебіндегі оқу процессі 5 км жердегі Қарабұтақ ауылы Т.Шевченко атындағы мектепте өтсе, Мұғалжар ауданы Жаңатұрмыс негізгі мектебіндегі оқу процессі 8 км жердегі Орқаш ауылындағы мектепте өтеді. Мамандар тасымал қызметі тұрақты болатынын айтып сендірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034762-aqtobe-oblysynda-zondeu-zumystary-ayaqtalmagan-mektep-oqusylary-korsi-auylga-qatynap-oqityn-boldy/

pixel