Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыркүйектен бастап Қазақстанда қандай өзгеріс болады

Опубликовано:

1 қыркүйек
1 кыркүйек. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қыркүйек айында қазақстандықтарды бірқатар оң өзгеріс күтіп тұр. Атап айтқанда, биылғы оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанса, балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтеріледі, сондай-ақ студенттердің шәкіртақысы өседі. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 1 қыркүйектен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 млн-нан астам оқушы сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады. Республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 тенге, ең жоғарғы баға – Алматы қаласында – 800 тенге болып отыр.

Студенттердің шәкіртақысы өседі

1 қыркүйектен бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15 пайызға, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқушыларының шәкіртақысы 50 пайызға өспек.

Шәкіртақы көлемі келесідей болады:

  • ЖОО оқитын студенттерге – 41 898 теңге (қазір стипендия 36 660 теңгені құрайды);
  • педагогикалық бағыттар және "денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттерге - 67 200 теңге (қазір – 58 800 теңге);
  • интерндерге – 75 890 теңге (қазір - 66 403 теңге);
  • магистранттарға – 97 024 теңге (қазір – 86 987 теңге);
  • "Назарбаев Университеті" магистранттарына – 181 250 теңге (қазір – 162 500 теңге);
  • докторанттар мен "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша докторанттарға - 217 500 теңге (қазір-195 000 теңге);
  • "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға -111 579 теңге (қазір – 100 036 теңге);
  • мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына-соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендия мөлшерінен төмен емес;
  • жұмысшы біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 32 681 теңге (қазір – 21 787 теңге);
  • техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 31 422 теңге (қазір – 20 948 теңге).

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтеріледі

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өседі. Осы мақсатқа бюджеттен 27 млн 780 мыңға жуық қаражат бөлінген. Бұл 97 мыңнан астам педагогтың еңбекақысының көтерілуіне әсер етпек.

Ит-мысықты чиптеу міндетті болады

Қазақстанда "Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы" заңға сәйкес, биыл 1 қыркүйектен бастап ит-мысыққа чип имплантациялау немесе белгі салу міндетті. Үй жануарларының басқа түрлерін — сәндік егеуқұйрықтар, аламан немесе минипингтерді тіркеу ерікті.

Үй жануарларын есепке алу жұмыстары бұрын да жүргізілген, бірақ ол міндетті емес болатын.

Блогерлердің жауапкершілігі заңмен белгіленді

Елімізде 10 қыркүйектен бастап "Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы" заң күшіне енеді. Бұл заңда инфлюенсер (блогер), қоғамдық қоғамдастық модераторы, демеушілік мазмұн, профайлинг, таргеттелген онлайн жарнама және тағы басқа түсініктер енгізілді.

Бұған қоса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жалған ақпаратты орналастырғаны және таратқаны үшін 456-2-бап пайда болды. Онда онлайн платформаларды пайдаланушылардың жалған ақпаратты орналастыруы, таратуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – жеке тұлғаларға-20 АЕК (2023 жылы 69 000 теңге )мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – 30 (103 500 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 (172 500 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (345 000 теңге) мөлшерінде деп бекітілген.

Ал блогер жалған ақпарат таратса, жеке тұлғаларға – 30 АЕК (2023 жылы 103 500 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – 40 (130 000 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 (260 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (345 000 теңге) мөлшерінде жаза белгіленіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034812-qyrkuiekten-bastap-qazaqstanda-qandai-ozgeris-bolady/

pixel