jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда күздің алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Қолшатыр ұстаған ер адам
Жаңбырлы күні қолшатыр ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы күндері, 2-4 тамыз аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн суық және бұлтты болады, сонымен қатар жаңбыр жауады.

Солтүстікте, шығыста, орталықта ауа температурасы күндіз +13...+20 градусқа, түнде +5...+12 градусжылы болады, ал таулы аймақтарда түнде ауа температурасы 0...+5 градусқа дейін төмендейді. Кей уақыттарда қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Жетісу және Алматы облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын болады, кей уақыттарда жаңбыр мен жабысқақ қар күтіледі, оған қоса найзағай ойнап, бұршақ жауады және жел күшейеді.

Қазақстанның батысында ғана күн ашық, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде және қолайлы температуралық фон сақталады.

Сондай-ақ еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады деген болжам бар.

Қазақстанда күздің алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.