jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Көлік жүргізушілерінің медициналық куәландыру құжаты электронды форматқа ауысады

Көлік жүргізушісі
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Енді көлік жүргізушілерінің медициналық куәландыру құжаты электронды форматқа ауыстырылады. Пилоттық жоба Павлодар облысында іске қосылды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында.

Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі "Республикалық медициналық институт" ЖШС қатысуымен жүргізушілердің психоактивті затты пайдалану фактісі мен мас күйін медициналық куәландыруды электрондық форматқа көшіру жөніндегі жобаны іске асырады.

Ведомство мәліметінше, бұл әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімімен электрондық форматтағы деректерді алмасуды және құқық қорғау органдары мен медициналық мекемелердің арасындағы ақпаратты синхрондауды қамтиды.

Жүйелерді интеграциялау медициналық куәландыруға жіберу және медициналық куәландыру актісін алу жоспарында қағазсыз құжат айналымын іске асыруға мүмкіндік береді.

Ведомство ақпаратынша, пилоттық жоба Павлодар облысында іске қосылды, оның шеңберінде 2000-нан астам электрондық бағыттар мен медициналық куәландырудың электрондық актілері қалыптастырылды.

"Бүгінгі таңда жобаның пилоттық кезеңіне Алматы, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары да дайын. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінің қатысуы жоспарлануда",- делінген хабарламада.

Көлік жүргізушілерінің медициналық куәландыру құжаты электронды форматқа ауысады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.