Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрлігі АЭС салу бойынша референдум өткізуге дайындық жасайды

Опубликовано:

Атом электр станциясы
Атом электр станциясы. Көрнекі фото: John Harper / Getty Images

Энергетика министрлігі жақын арада президенттің тапсырмасын іске асыру бойынша барлық мәселені жан-жақты қарап, өзге де аспектілерді пысықтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауы барысында атом электр станциясын (АЭС) салу немесе салудан бас тарту мәселесін жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынды.

Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, парламент депутаттарымен, осы саладағы сарапшылармен және қоғам белсенділерімен бірлесе отырып, жұмысты пысықтайтынын бұл жұмыстар туралы жұртшылықты ақпараттандыратын мәлімдеді.

Ведомство халықтың дауыс беруіне шығарылатын мәселенің тұжырымдамасын анықтауы керек екенін, референдум өткізу мерзімі туралы қосымша хабарлантынын мәлімдеді.

"Менің ойымша, референдум бірінші кезекте қазақстандықтардың осы саладағы технологияларды дамыту қажеттілігі туралы ойларын айтуларына бағытталады, ал үкімет өз тарапынан қоғамға қолайлы шешімдерді ұсынады", - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

2023 жылдың 22 тамызында Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша көпшілік талқылау өткендігі туралы хабарланды.

Министрлік мәліметінше, жергілікті деңгейде өткен талқылауларда тұрғындар аймақтағы атом энергетикасын дамытуды қолдап, жоба өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жоғары маңыздылығын тигізуге серпін болатынын айтты.

Кейбір қоғам қайраткерлері ашықтық принципін ұстану және жұртшылықпен кері байланысты қамтамасыз ету, барлық мүдделі тараптардың пікірлері мен мүдделерін ескеру мақсатында басқа да жақын аймақтарда қосымша талқылаулар өткізу туралы бастама көтерген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034971-energetika-ministrligi-aes-salu-boiynsa-referendumga-daiyndyq-zasaidy/

pixel