jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Дүйсенбіде еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер дүйсенбі, 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Кей жерлерде жаңбыр жауады, ал еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр қатты жауады деп күтілуде. Сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр, жылбысқы қар түрінде жауын-шашын түсуі мүмкін.

Дүйсенбіде тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз күн ашық болмақ.

Бұдан бөлек, 4 қыркүйекте республика бойынша найзағай, екпінді жел, бұршақ, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.

Сонымен қатар Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында өрт шығу қаупі сақталады.

Мамандар Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облысының оңтүстігінде Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр.

Дүйсенбіде еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.