jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

ТЖМ басшысы құтқарушылар тікелей хабарласа алу үшін байланыс нөмірін жариялады

Сырым Шәріпханов
Сырым Шәріпханов. Фото: ТЖМ ресми сайты

4 қыркүйектен бастап "WhatsApp" мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың ТЖ министрлігінің жеке құрамына арналған тікелей телефон нөмірі іске қосылып, жұмысын бастады. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

"ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша жедел және шұғыл шешімді талап ететін өздерін қызықтыратын және проблемалық сұрақтарды министрге тікелей жолдауларына болады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет.

"Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету қажет", - деп ескертті ТЖМ өкілдері.

ТЖМ басшысы құтқарушылар тікелей хабарласа алу үшін байланыс нөмірін жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.