Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысы әкімдігі өңірдегі газ тапшылығының себебін түсіндірді

Опубликовано:

Жанармай бекетінде
Жанармай құю бекеті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбе облысы әкімдігі облыстағы сұйытылған мұнай-газ тапшылығы бойынша қазіргі ахуал қандай екенін мәлімдеді. Бұл туралы әкімдік Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

"Газ құю станцияларда кезектердің пайда болуы бірнеше факторларға, біріншіден, "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ-ның Жаңажол мұнай-газ кешенінің ГӨЗ-2-де жөндеу жұмыстарына байланысты, сұйытылған мұнай газын темір жол көлігімен жөнелту 2023 жылғы тамызда 20 пайызға төмендеді", -деді облыс әкімдігі өкілдері.

Сонымен қатар "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-де компрессордың тоқтауына байланысты тамыз айында газ өндіру тәулігіне 84 тоннадан 64 тоннаға дейін төмендеген.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, энергетика басқармасы 3 өндіруші зауытта жыл сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстары болатыны туралы хабарлаған.

Ведомство ақпаратынша, ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізудің 2023 жылғы 3 тоқсанға арналған жоспарына сәйкес Энергетика министрлігінен Ақтөбе облысына 33 228 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді (шілде - 10 219 тонна, тамыз - 12 394 тонна, қыркүйек - 10 615 тонна).

Полиция департаментінің деректеріне сілтеме жасаған әкімдіктің хабарлауынша, бүгінгі таңда Ақтөбе облысында газ жабдығымен жабдықталған 52 949 бірлік автокөлік тіркелген.

Сондай-ақ, өңірдің транзиттік әлеуетін ескере отырып, ҰҚК Шекара қызметі департаментінің деректеріне сәйкес өңір аумағына кіретін автокөлік саны айына: мемлекеттік нөмірімен 4 520 бірлікті және шетелдік нөмірімен 9 369 бірлікті құрайды.

"Осыған байланысты Ақтөбе облысының ішкі нарығының қажеттілігін жабу үшін бүгінгі күні 16 000 тонна сұйытылған мұнай газы қажет", - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының аумағында 7 газ толтыру станциясы (оның 4-і – Ақтөбе қаласында және 3-і – Мұғалжар ауданында), сондай-ақ 181 автогаз құю станциялары (оның 88-і – Ақтөбе қаласында және 93-і – аудандарда) жұмыс жасайды.

"Қазіргі таңда Шымкент мұнай-газ өңдеу зауытынан Ақтөбе облысына 650 тонна өнім бөлінген, ол ай соңына қарай толықтай жеткізіледі. Мәселе – облыс басшылығының тұрақты бақылауында", - деп хабардар етті облыс әкімдігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035122-aqtobe-oblysy-akimdigi-onirdegi-gaz-tapsylygynyn-sebebin-tusindirdi/

pixel