Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ сел қаупіне байланысты қазақстандықтарды тауға шықпауға шақырды

Опубликовано:

Алматы таулары
Алматы таулары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сел қаупінің сақталуына байланысты құтқарушылар қазақстандықтарды тауға шығудан бас тартуға шақырып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, синопиктердің болжамынша, алдағы тәулікте елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, Ал кей жерлерде жаңбыр қатты жауып, таудағы өзендерде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде.

Салдарынан кейбір өзендерде су тасқыны болуы мүмкін. Сондай-ақ сел жүруі ықтимал. Таулардың баурайында қарқынды ағын пайда болуы мүмкін.

ТЖМ ақпаратынша, республиканың шығысында су деңгейінде өзгеріс күтіледі. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында сел қаупі сақталады.

"Осыған байланысты тауларға бармау, таулардағы жағдай туралы хабарламаларды бақылау ұсынылады. Қауіп төнгенде немесе кенеттен сел болған жағдайда, жер бедерінің ең биік нүктелеріне көтеріліңіз", - деп ескертті ТЖМ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035173-tzm-sel-qaupine-bailanysty-qazaqstandyqtardy-tauga-syqpauga-saqyrdy/