jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды

Көшеде кетіп бара жатқан адамдар
Көшеде кетіп бара жатқан адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың орташа жасын анықтады. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың басында қазақстандықтардың орташа жасы 32,1 жасты құраған.

Орта жас өсімі ерлер мен әйелдердің арасында да, ауыл және қала тұрғындарының арасында да байқалған.

Жыл басында ерлердің орташа жасы 30,5 жас болса, әйелдерде – 33,7 жасты құраған.

Десе де, 2018 жылдан бері халықтың орташа жасы болмашы ғана артқан.

Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы қала тұрғындарының орташа жасы (32,6 жас) ауыл тұрғындарына (31,5 жас) қарағанда жоғары екенін атап өтті.

"Өңірлер арасында ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында (38,9 жас), ең төменгі орташа жас Маңғыстау және Түркістан облыстарында (27,6 жастан)", – делінген хабарламада.

Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.