Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің төрт қаласында ХҚКО мен арнайы ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Опубликовано:

ХҚКО
ХҚКО. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Семей мен тағы үш мегаполисте кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары өзгерді. Бұл тралы "Азаматтарға арналған үкімет" өзінің Telegram арнасында хабарлады.

"Астана, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары өзгерді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекті телеграмдағы EgovKzBot2.0 боты, "Мобильді ХҚКО" қосымшасы және 1414 нөмірі арқылы брондауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035244-elimizdin-tort-qalasynda-xqko-men-arnaiy-xqko-mekenzailary-ozgerdi/

pixel