Қызметінен кеткен Павлодар қаласының экс-әкімі мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Ержан Иманзаипов өзінің Instagram парақшасында жазба жариялады. Ол қызметінен босату туралы шешіммен келісетінін мәлімдеді.
"Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары! Мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың шешімін келісіммен қабылдадым, өйткені соңғы оқиғаларға байланысты өз жұмысымды одан әрі жалғастыруға моральдық құқығым жоқ деп есептеймін. Мен аймақ басшысына сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді, сонымен бірге барлық тұрғындардан әріптестерім үшін кешірім сұраймын.
Менің өмірлік ұстанымдарымның бірі – жұмыста әділ және еңбекқор болу. Өкінішке орай, қысқа мерзімде жоспарлаған жобаларымызды соңына дейін жеткізе алмадым.
Қызмет барысында қолдау берген әріптестеріме үлкен рахмет. Тек қана өздеріңізге сеніңіздер!", - деп жазды Иманзаипов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеген болатын.
Ержан Иманзаипов Павлодар қаласының әкімі болып, 2022 жылдың желтоқсан айының соңында тағайындалған еді. Оған дейін қала әкімінің аппаратын басқарған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035245-qyzmetinen-ketken-pavlodar-qalasynyn-akimi-malimdeme-zasady/