Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басым бөлігінде жаңбыр": сейсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Қолшатыр ұстаған адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 5 қыркүйек, сейсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр, жылбысқы қар түрінде жауын-шашын түседі.

Сондай-ақ республика бойынша найзағай, екпінді жел, бұршақ, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз күн ашық болады.

Бұдан бөлек, бүгін де Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында өрт шығу қаупі сақталады.

Мамандар ал Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035260-zanbyr-bursaq-zel-seisenbide-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/