"Үрейге берілмей сабыр сақтауларыңызды өтінеміз": елордалық ТЖД қала тұрғындарына үндеу жасады
Жарияланған күні:
Ертең, 6 қыркүйекте таңертең Астанада дабыл жүйесі іске қосылады. Осы орайда елорданың Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды үрейге берілмей, сабыр сақтауға шақырып отыр. Бұл туралы ТЖД Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Құрметті астана тұрғындары және қонақтары! "Қорғау-2023" республикалық штабтық жаттығуын өткізу шеңберінде осы жылдың 6 қыркүйегінде сағат 09:00-де электродабылдарды қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізіледі. Үрейге берілмей сабыр сақтауларыңызды өтінеміз", - делінген хабарламада.
ТЖМ ресми сайтында "Баршаның назарына!!!" дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы екені айтылған.
Дыбыстық сигналды естіген кезде:
- теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек;
- интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек.
Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035302-ureige-berilmei-sabyr-saqtaularynyzdy-otinemiz-elordalyq-tzd-qala-turgyndaryna-undeu-zasady/