jitsu gif

Алматыда Шаляпин көшесінің бойында орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Жол жөндеу белгісі
Жол жөндеу белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда Шаляпин көшесінің бойында орташа жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір учаске жабылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі Almaty_Joly Telegram арнасында хабарлады.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 5 қыркүйек сағат 23:00-ден 6 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Шаляпин көшесінің оңтүстік бетінде Сайын көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ішінара уақытша шектеледі.

Ведомствода жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындысына сәйкес, биылғы жоспарға Шаляпин көшесінің Береговой көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі ұзындығы 4 шақырым бөлігін қосу туралы шешім қабылданғанын еске салды.

"Алматы әкімдігі ресми өкілдерінің хабарлауынша, Әшімов көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі жөндеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы толық ашылды", - делінген хабарламада.

Бұл ретте ведомствода жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүргізіліп жатқанын атап өтті және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ әкімдікте азаматтарды маршрутты алдын ала жоспарлап алуға кеңес берді.

Алматыда Шаляпин көшесінің бойында орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.