Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Студенттер Тоқаевқа өздері құрастырған көлікті көрсетті (видео)

Опубликовано:

Студент президентке өздері жасаған көлікті таныстыруда
Студент президентке өздері жасаған көлікті таныстыруда. Видеодан кадр: t.me/aqorda_resmi

Алматы облысына жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды. Кездесу барысында студенттер Қасым-Жомарт Тоқаевқа өздері құрастырған көлікті көрсетті, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Сүлеймен Демирел атындағы университетке барған президент ең алдымен жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, сондай-ақ университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысқан.

Университет ректоры Әлімжан Игенбаевтың айтуынша, мұнда 8500-ден астам студент оқиды. Олардың арасында Орталық Азия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Индонезия секілді мемлекеттердің азаматтары бар. Оқу ордасында 500-ге жуық профессор, сонымен қатар қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика және IT салалары бойынша жобаларды жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, ғылыми зертханалар жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, университет шетелдік 70 жоғары оқу орнымен байланыс орнатқан, сондай-ақ Erasmus бағдарламасына, академиялық ұтқырлық пен тәжірибе алмасуға қатысты басқа да жобаларға қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жас оқытушылармен, ғалымдармен, студенттермен әңгімелесу барысында білім беру жүйесіне озық әдістерді енгізу маңызды екенін ерекше атап өткен.

"Қазіргі заманда технологияны жетік меңгеру керек. Мен өз Жолдауымда Қазақстанды IT саласы дамыған озық елге айналдыру қажеттігі туралы айттым. Университеттеріңізде осы игі мақсатқа жету үшін зор күш-жігер жұмсалып жатыр деп ойлаймын.

Сіздер оқуда озат болады деп үміттенемін. Ұлыбританияда және басқа да шет елдерде білім алған білікті профессорларыңыз бар. Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін еңбек етуіміз керек. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Елімізге білімді, белсенді және ақылды жастар қажет. Сондықтан сіздерге зор сенім артамын. Баршаңызға табыс тілеймін", – дейді президент.

Сондай-ақ кездесу барысында Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері мемлекет басшысына "Формула Студент" инженерлік жарыс жобасы аясында өздері құрастырған автокөлікті көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035415-suleimen-demirel-atyndagy-universitettin-studentteri-toqaevqa-ozderi-zasagan-kolikti-korsetti-foto-video/

pixel