Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сотталушының түрмеде соққыға жығылуы: ҚАЖД басшылығы қызметтен шеттетіліп, 11 қызметкер жұмыстан босатылады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақмола облысындағы колонияда қамалушыны ұрып-соғу сәті
Оқиға орны. Видеодан кадр: Вадим Курамшин/Facebook

Әлеуметтік желіде сотталушының дәретхана жуудан бас тартқаны үшін қатты соққыға жығылған сәті түсірілген видео тараған болатын. Ақмола облысындағы колонияда жүргізілген қызметтік тергеудің нәтижесін Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ресми сайтында хабарлады.

"Жүргізілген қызметтік тергеу нәтижелері бойынша Тәртіптік комиссияның шешімімен облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы және оның орынбасары, сондай-ақ колония бастығы атқаратын лауазымдарынан шеттетуге ұсынылды. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа қатысы бар 11 қызметкер ІІО-дан теріс себептермен жұмыстан шығаруға ұсынылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатынын атап өтті.

Бұл ретте Ақмола облысы прокуратурасының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 3 қыркүйек күні әлеуметтік желіде Атбасар ауданы №1 түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға күш қолданғанының видеосы пайда болған.

"Осы факті бойынша Ақмола облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сол күні прокуратура өкілдері бірінші кезектегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін аталған мекемеге барды", - делінген хабарламада.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ведомство тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035455-qamalusy-daretxana-zuudan-bas-tartqany-usin-soqqyga-zygyldy-qazd-bassylygy-zumystan-settetilip-11-qyzmetker-zumystan-bosatylady/