Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрмеде сотталушы соққыға жығылған соң ҚАЖД басшылығы қызметтен шеттетіліп, 11 қызметкер жұмыстан босатылады

Опубликовано:

Ақмола облысындағы колонияда қамалушыны ұрып-соғу сәті
Оқиға орны. Видеодан кадр: Вадим Курамшин/Facebook

Әлеуметтік желіде сотталушының дәретхана жуудан бас тартқаны үшін қатты соққыға жығылған сәті түсірілген видео тараған болатын. Ақмола облысындағы колонияда жүргізілген қызметтік тергеудің нәтижесін Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ресми сайтында хабарлады.

"Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбалар бойынша Ақмола облысы ҚАЖД мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарға бағынбау фактілерінің жолын арнайы құралдарды қолдана отырып кесуі кезінде қызметкерлердің қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану белгілері байқалатынын хабарлаймыз", - делінген ведомствоның хабарламасында.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатынын атап өтті.

Бұл ретте Ақмола облысы прокуратурасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 3 қыркүйекте әлеуметтік желіде Атбасар ауданының №1 түзеу мекемесі қызметкерлерінің сотталғандарға қатысты күш қолданғаны туралы бейнеролик жарияланған.

"Осы факті бойынша Ақмола облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Прокуратура өкілдері бірінші кезектегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін аталған мекемеге барды", - делінген хабарламада.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ведомство тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035455-qamalusy-daretxana-zuudan-bas-tartqany-usin-soqqyga-zygyldy-qazd-bassylygy-zumystan-settetilip-11-qyzmetker-zumystan-bosatylady/