Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олар – ересек адамдар": Дәулет Тұрлыханов ортаншы ұлына қатысты дауға пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Дәулет Тұрлыханов
Дәулет Тұрлыханов. Видеодан кадр: Youtube/Talklike

Әлеуметтік желіде жігіт пен қыздың арасындағы жанжал бейнеленген видео тарады. Видео авторы бұл оқиға мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлына қатысты екенін айтады. Осы орайда журналистер оқиғаға қатысты депутаттың пікірін сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистердің бірі өзінің Telegram-арнасында Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлына қатысты жанжалдың видеосын жариялаған қыздың сторисін салды. Кейін видеоның толық нұсқасын бөлісті.

Видео авторы яғни, осы видеодағы бойжеткен де Instagram-дағы Stories бөлімінде бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Осылайша, депутаттардың ұлдары әкесінің атына кір келтіруде. Ешбір қыздың Тұрлыханов Әкежан Дәулетұлы деген адаммен жолы түйіспейді деп ойлаймын.

Мен не болғанын толық баяндағым келіп отырған жоқ. Қандай жағдай болмасын, бұл адамның менімен бұлай сөйлесуге, қолымды қайыруға (кейін көгерген із қалды), мені қуыршақ сияқты итеріп жіберуге құқығы жоқ еді", – деп жазды ол бейнебақылау камерасынан алынған видеоның сипаттамасында.

Бойжеткеннің сөзінше, депутаттың ұлы бұл жағдай үшін кешірім сұрамаған, ал анасына қызына саусағының ұшын да тигізбегінін айтқан. Сондықтан бойжеткен бейнебақылау камерасына жазылған видеоны жариялауды жөн көрген.

Осы жайтқа байланысты БАҚ өкілдері депутат Дәулет Тұрлыхановтан пікір білдіруін сұраған.

"Олар – ересек адамдар. Өздері шешеді", - деп қысқа қайырды депутат.

Сонымен қатар Дәулет Тұрлыханов бұл жаңалықты бірінші рет журналистерден естіп тұрғанын және өзі үшін жағымсыз жаңалық екенін атап өтті.

Сондай-ақ депутат тілшілердің әйелдерге қол көтеру олардың отбасында қалыпты жағдай ма және депутаттың өзі әйелдерге қол көтерді ме деген сауалына: "Жоқ, мен тек кілемде күрестім", – деп жауап қатты.

Сұхбат соңында Дәулет Тұрлыханов бұл мәселе бойынша ұлымен сөйлесетінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035501-ol-eresek-bala-deputat-turlyxanov-ortansy-ulyna-qatysty-suga-pikir-bildirdi/