Ақтөбе облысының тұрғыны бөгде адамның бақшасынан 400 келіге жуық картопты қазып алды деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысының Ембі қаласында 37 жастағы азамат картоп ұрлады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
4 қыркүйек күні Ембі қаласының полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің бақшасындағы картопты белгісіз біреулер қазып алып кеткенін мәлімдейді.
Оқиға орнына келген жедел тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Күдікті өз көлігімен қала шетіндегі картоп егілген алаңға келіп, картопты қазып, көлігіне тиеп алған.
Полиция қызметкерлері күдіктен 360 келі картоп пен 70 мың теңге ақша тәркіледі.
Аталған іс бойынша тергеу жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035581-aqtobe-oblysynyn-turgyny-bogde-adamnyn-baqsasynan-400-kelige-zuyq-kartopty-qazyp-aldy-degen-kudikke-ilindi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.