Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша ауқымды оқу-жаттығу өтеді

Жарияланған күні:

Жер сілкінісі
Жарылған жер. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша ауқымды оқу-жаттығу өтеді. Осы орайда еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі қала тұрғындары мен қонақтарын сейсмикалық оқу-жаттығуға белсенді қатысуға шақырып отыр.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, "Жер-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына республикалық азаматтық қорғау қызметтерінен басқа Түрік мемлекеттері ұйымына кіретін елдер, атап айтқанда Әзербайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстанның авариялық-құтқару қызметтері қатысады.

"Жер-2023" оқу-жаттығуы 11-12 қыркүйек аралығында екі кезеңде өтеді.

Қызметтердің бірлескен іс-қимылдарын әзірлеу және үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Алматы қаласында орналасады.

"Оқу-жаттығудың мақсаты – мемлекеттік органдар мен азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылға дайындық деңгейін, жалпы қауіпсіздік мәдениетін арттыру, қала тұрғындарын төтенше жағдайларда әрекет етуге үйрету.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын оқу-жаттығу аясында өткізілетін жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз", - дейді ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

ТЖМ өкілнің айтуынша, сейсмикалық дайындықты бастамас бұрын, алдымен апаттық чемоданды дайындап алу қажет, сондай-ақ қауіпсіз жерді алдын ала анықтап алу керек, бұл электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық аумақ болуы мүмкін.

"Назар аударыңыздар!" сигналын естіген кезде сабыр сақтап, ғимараттардан шығыңыздар. Одан әрі әрекеттер туралы ақпарат хабарландыру құралдары арқылы беріледі. Оқу-жаттығудың практикалық кезеңінің өту орындары туралы ақпарат қосымша берілетін болады", - дейді ЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова

нұсқаулық
Нұсқаулық. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035631-turgyndardy-belsendi-qatysuga-saqyramyz-almatyda-zer-silkinisi-kezindegi-is-qimyldar-boiynsa-auqymdy-oqu-zattygu-otedi/