Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде
Жарияланған күні:
Синноптиктер бүгін, 8 қыркүйекте елімізде қандай ауа райы болатынын болжады, деп хабарлайлы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атап айтқанда, өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде.
Синоптиктердің болжамынша, тек елдің шығысынды жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. республика бойынша екпінді жел, еліміздің оңтүстік-шығысының таулы аудандарында бұршақ жауады деп болжады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында тұман түсуі ықтимал.
Бұдан бөлек мамандар Жамбыл, Қызылорда облысының орталығындаа, шығысында, оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде өрт шығу қаупі сақталатынын еске салды.
Ал Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде сақталып, Павлодар облысында өрт қаупі жоғары.
Синоптиктер бүгін Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде -1...-3 градус үсік күтілетінін ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035773-bugin-elimizdin-basym-boliginde-naizagai-oinap-zanbyr-zauady-dep-kutilude/