"Пәтерлерге кіріп кетеді": Орал тұрғындары қарақұрттың көбейгеніне шағымданды
Жарияланған күні:
Читать на русскомОралдағы тұрғын үйлердің бірінде улы өрмекшілер көбеюде. Тұрғындар күн суытқанда пәтерлерін қарақұрт қаптап кете ме деп қауіптенуде, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
Басылымның жазуынша, жергілікті тұрғындар буынаяқтылардың көбейгенін көріп жүргендерін айтты.
"Біз ПИК-ке (пәтер иелерінің корперативі - ред.) қоңырау шалып, шара қолдануын сұрадық. Бірақ олар бас тартты. Біз 109 қызметіне хабарласып едік, олар да бас тартты. Біз дезинфекция қызметіне қоңырау шалып едік, олар қызмет құны 15 000 теңге, одан жоғары екенін айтты. Көршілер бұған ақша бергісі келмейді. Енді біз не істейміз, суық басталса, өрмекшілер пәтерлерге кіріп кетеді", - деп шағымданды Кердері көшесіндегі №140 көпқабатты үйдің тұрғыны.
Басылым мәліметінше, қала тұрғындары бұл үйде улы өрмекшілер көбейіп үлгергенін айтты. Тұрғындар балалар үшін алаңдайды, өйткені қарақұрт оларды шағып алуы мүмкін.
Басылым ақпаратынша, Орал қаласының әкімдігі бұл үйде дезинфекция жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035774-paterlerge-kirip-ketedi-oral-turgyndary-qaraqurttyn-kobeigenine-sagymdandy/