Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да шаруа қожалығында адамдарды құлдықта ұстаған

Опубликовано:

Бетін басып отырған ер адам
Бетін басып отырған ер адам. Көрнекі фото: anankkml/Getty Images

Орал қаласының тұрғындары полицияға арызданып, Батыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтарының бірінде құлдықта ұстағанын айтқан. Бұл туралы облыстық ПД Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, БҚО Полиция департаментіне Ақжайық ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысы еңбекке пайдалану үшін Орал қаласының тұрғындарын заңсыз ұстағаны жөнінде жедел ақпарат келіп түседі.

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған факті расталды.

Белгілі болғандай, Орал қаласының тұрғындары арызбен келіп жүгінген.

Облыстық ПД аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігіне (Бас бостандығынан заңсыз айыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары бастағанын, өзге ақпараттар ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035809-bqo-da-sarua-qozalygynda-adamdardy-quldyqta-ustagan/

pixel