ҰҚК: Қауіпсіздік күштері Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі екі лаңкестік шабуылдың алдын алды
Жарияланған күні:
ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы кеңесінің 40-шы отырысының ашылуында ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев қауіпсіздік күштері дайындалып жатқан екі лаңкестік шабуылдың алдын алғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаевтың айтуынша, қауіпсіздік күштері Қазақстанда жыл сайын кем дегенде екі лаңкестіктің әрекеттің алдын алады.
"Биылғы жылдың өзінде Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде қолдан жасалған жарылғыш затты жару әрекетінің, сондай-ақ Астанадағы адамдар көп шоғырланатын жерлерде жасалған қарулы шабуылдың жолы кесілді", – деді спикер.
Руслан Сейсембаевтің сөзінше, соңғы үш жылда ШЫҰ мемлекеттерінде кем дегенде 80-ге жуық лаңкестік жасалған болатын. Дегенмен, биыл бұл көрсеткіштің күрт артқаны байқалды. 2022 жылы 18 лаңкестік жасалған болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 47-ге дейін жеткен.
"Лаңкестердің қолынан 400-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты, 940-қа жуық адам жараланды. Зорлық-зомбылық әрекеттерінің жолын кесу мақсатында құқық қорғау органдары мен қарулы күштер 300-ден астам антитеррорлық операция жүргізген. 1600 лаңкес пен олардың сыбайластары ұсталды. Билікке қарсылық көрсеткен 60-қа жуық қылмыскер жойылды", – деп түйіндеді сөзін Руслан Сейсембаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035836-uqk-qauipsizdik-kusteri-qoza-axmet-yassaui-kesenesindegi-eki-lankestik-sabuyldyn-aldyn-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.