Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атбасарда түрмедегі адамды азаптаған қызметкерлер түгел жұмыстан шығарылды

Опубликовано:

Түрме
Түрме. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атбасардағы түрмеде сотталған азаматты азаптағандар қызмет бабын асыра пайдаланған. Бұл туралы "Алматы" арнасы хабарлайды.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов осылай деп қорытты.

Олардың әрекеті заңды талапты орындамау болған. Мұндай жағдайда арнайы құрал мен күш қоданылмайды. Түрме қызметкерлерінің бұл әрекеті қылмыстық құқықбұзушылық болып саналады. Қызметтік тексеріс жүргізіліп, бірнеше адам жұмыстан шығарылған.

"Бұл факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, тәртіптік комиссияның шешімімен облыстық департамент бастығын, оның орынбасарын, сондай-ақ мекеменің бастығын қызметінен босату жөнінде ұсыныс берілді. Одан басқа фактіге қатысы бар 11 қызметкерді ішкі істер органдарынан жұмыстан босатуға ұсыныс берілді", – деді Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бөлім басшысы Қайрат Асыл.

Түрмеде заңды талаптарға бағынбау әрекеті бейнетіркеуге түсірілуі керек. Содан кейін хаттама толтырылып, тәртіп изоляторына жіберу туралы қаулы қабылдануы қажет болған. Алайда қызметкерлер күш қолданған.

Айта кетейік, тамыздың соңында Атбасар түрмесінде бірнеше қызметкердің жазасын өтеушіні ұрып жатқан бейнежазба тараған еді. Осыған байланысты сотталғандарға қатысты күш қолдану дерегі бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеу бастаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035956-atbasarda-turmedegi-adamdy-azaptagan-qyzmetkerler-tugel-zumystan-sygaryldy/

pixel