Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дұрыс емес": діни басқарма домбыраны харам деп атаған видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Әлеуметтік желіде домбыраны харам деп айтылғаны туралы видео тарады. Осыған қатысты Қазақстан діни басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әлеуметтік желіде кейбір іні-қарындастарымыздың "домбыра шерту, беташар жасау, келіннің сәлем салуы – харам" деген мағынада айтқан пікірі қоғамда түсінбеушілік тудыруда. Осыған байланысты азаматтар тарапынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сауалдар келіп түсуде.

Сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан қазақ халқы ұлттық аспабымыз – домбыра арқылы ән, терме-толғау шырқап, тыңдаушыны имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке, Отанды қорғауға, ата-анамызды қадірлеуге шақырған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желі қолданушыларын "домбыра шерту, беташар жасау, сәлем салу – харам" деген мағынада біржақтама, негізсіз пікір айтып, халық арасында түсінбеушілік тудырмауға үндейді. Ұлттық құндылықтарға қарсы келу дұрыс емес екенін мәлімдейміз", - деп хабарлады ҚМДБ.

Айта кетелік, осы мәселеге қатысты танымал имам Нұрлан қажы Байжігітұлы да пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035964-durys-emes-dini-basqarma-dombyrany-xaram-dep-atagan-videoga-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel