Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қою әрі ащы түтін": Өскемендегі тұрғын үйдегі өрттен 34 адам эвакуацияланды

Опубликовано:

Өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан өрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер. Фото: t.me/qr_tjm

10 қыркүйек күні Өскеменде көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққан. Құтқарушылар 34 адамды эвакуациялады, оның ішінде алтауыбала, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында.

"Өскемендегі тұрғын үйде өрт кезінде 15 тұрғын оның ішінде 4 бала құтқарылды.

Облыс орталығында Қабанбай батыр көшесінде орналасқан алты қабатты тұрғын үйде өрт шықты.​ Оқиға орнына дереу шақырудың жоғары нөмірі бойынша ШҚО ТЖД күштері мен құралдары келіп жетті", – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндірушілер барлау жүргізіп, үшінші қабатта пәтерден қалың қою түтін шыққанын анықтаған.

"Алдымен газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары екі автосаты мен екі үш иінді саты, құтқару сорғыштарының көмегімен 15 тұрғынды құтқарды, оның ішінде 4 бала. Сондай-ақ 34 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 бала", – деп жазады ведомствода.

ТЖД ақпаратынша, өрт сөндірушілер қою және ащы түтін жағдайында жұмыс істеуге, отпен күресуге және адамдарды құтқаруға мәжбүр болды. Іс қимыл үйлесімділігінің арқасында 40 шаршы метр алаңда өрт сөндірілді.

ТЖД қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқтығын атап өтті. Сөндіруге 10 бірлік техника мен жеке құрамның 42 адамы жұмылдырылған.

"Өрттің алдын ала болжамы – қасақана өрт қою", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036003-qoyu-ari-ashhy-tutin-oskemendegi-turgyn-uidegi-ortten-34-adam-evakuaciyalandy/

pixel