Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда бүлдіршіндер балабақша еденінде ұйықтаған: жағдайға қатысты қалалық білім бөлімі пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жерде жатқан балабақша тәрбиеленушісі
Жерде жатқан бала. Фото: t.me/kozachkow

Әлеуметтік желіде Ақтау қаласында балалар балабақшаның еденінде ұйықтап жатқанының фотосы пайда болған еді. Жағдайға қатысты қалалық білім бөлімі пікір білдірді. Олардың мәліметінше, бұл мәжбүрлі шара болған, деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның білім бөліміне сілтеме жасап хабарлауынша, бұл мәжбүрлі шара болған және тек бір реттік жағдай.

"5 қыркүйекте тәрбиеші балаларды тыныш сағатқа жатқызар алдын жатын бөлмесіндегі үш кереуеттің сынғанын байқаған, ол балалардың қауіпсіздігі үшін оларды басқа жерге жатқызуға мәжбүр болған. Сынған жиһаздар сол күні алынып, орнына жаңасы әкелінген", – деп хабарлады қалалық білім бөлімінде.

Басылымның ақпаратынша, аталған жекеменшік балабақша биылғы жылдың көктемінде ашылған және бар жоғы 50 орындық. Бүгінде мекемеде 47 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Білім бөлімінде бұған дейін балабақшадан мекеме әкімшілігі мен қызметіне қатысты ескертулер және шағымдар түспегенін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтаудағы балабақшалардың бірінде еденде ұйықтап жатқан бүлдіршіндердің фотосы тараған болатын. Жарияланған фото желіде қызу талқыға түсті.

Мекеме басшылығының дерегінше, бұл фотоларды мекеменің беделін түсіру мақсатында бұрынғы қызметкер жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036009-aqtauda-buldirsinder-balabaqsa-edeninde-uiyqtagan-zagdaiga-qatysty-bilim-bolimi-pikir-bildirdi/