jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Ақтауда балабақша басшылығы балалардың еденде ұйықтап жатқаны түсірілген фотоға қатысты пікір білдірді

Жерде жатқан балабақша тәрбиеленушісі
Жерде жатқан бала. Фото: t.me/kozachkow

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы балабақшалардың бірінде еденде ұйықтап жатқан бүлдіршіндердің фотосы тараған. Жарияланған фото желіде қызу талқыға түсті. Мекеме басшылығы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақтаудағы "Бесата" жекеменшік балабақшасында түсірілген фотода балалар еденде ұйықтап жатқанын көруге болады. Аталған фото журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында жарияланған.

Басылымның "Бесата" балабақшасының басшылығына сілтеме жасап хабарлауынша, бұл фотоларды мекеменің беделін түсіру мақсатында бұрынғы қызметкер жіберген.

"Барлық балаларға да төсек-орын қарастырылған, бірақ кей балалар оған жатқысы келмейді, ал ата-аналары бұдан хабардар және қарсылық білдірмейді. Сонымен қатар еденде кілем бар, оның үстіне қасында матрац пен көрпе жатады", - деп жазады басылым балабақша басшылығына сілтеме жасап.

Сондай-ақ балабақша басшылығы заңгер жалдап, фотоны жіберген адамды сотқа беруді жоспарлап жатыр.

Ақтауда балабақша басшылығы балалардың еденде ұйықтап жатқаны түсірілген фотоға қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.