jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Матчтан кейін стадиондағы қоқысты жинап кеткен астаналық жанкүйерлерге ел сүйсінді

қоқыс жинап жүрген ерікті
Қоқыс жинап жүрген ерікті. Фото: t.me/astana_newss

Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчынан кейін "Астана Арена" стадионындағы қоқысты жинап, айналасын тап-таза қылып, тарқасқан жанкүйерлерге ел сүйсінді, деп хабарлайды Астана әкімдігі Telegram арнасында.

Әкімдіктің мәліметінше, кеше Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчын тамашалауға, ел құрамасына қолдау көрсетуге "Астана Арена" стадионына 30 мыңға жуық адам келген.

"Жанкүйерлердің белсенділігі ғана емес, олардың ауызбіршілігі де жұртты сүйсіндірді. Өйткені, матч аяқталғаннан кейін олар асығыс шығып кетудің орнына айналасын қоқыстан тазартты. Тазалық акциясына "Астана жастары" КММ еріктілерімен қатар, жанашыр жанкүйерлер де атсалысты", – деп атап өтті әкімдіктен.

Айта кетейік, бұған матчқа келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударған.

"Әсіресе "Астана жастары" мен басқа да ұйымдар еріктілерінің, сондай-ақ жекелеген азаматтардың, белсенділердің үлгі аларлық ісін айрықша атап өткім келеді. Олар ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шықты Футболшыларымызды және жастарымызды мақтан тұтамын", – деп жазды президент әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 10 қыркүйекте "Астана-Арена" стадионында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия құрамасымен кездесіп, 1:0 есебімен басым түсті.

Осы жеңістен соң Қазақстан құрамасы топта 12 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға шықты.

Матчтан кейін стадиондағы қоқысты жинап кеткен астаналық жанкүйерлерге ел сүйсінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.