Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айыпталып жатқан шенеунік Қазақстаннан кетуге тырысқан

Опубликовано:

Мәди Отарбаев
Мәди Отарбаев. Фото: instagram.com/batys_kz

Биылғы жылдың маусым айында сотқа Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Мәди Отарбаевқа қатысты іс келіп түскен. Іс материалдарынан белгілі болғандай, ол 3 тамыз күні түн ортасында шекараны кесіп өтпек болған, деп хабарлайды inbusiness.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, шенеунікке Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша айып тағылуда.

Мамыр айында шенеунікке қатысты қаладан кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданған. 4 тамызда Өскемен соты оны қамауға алу туралы шешім шығарған.

Сот қаулысында Мәди Отарбаев бұлтартпау шарасын бұзып, Қордай шекара бекеті арқылы Қырғызстанға өтіп, соттан жалтармақшы болғаны туралы жазылған.

"Ол ауыр санаттарға жататын қылмысты жасады деп айыпталуда", - делінген құжатта.

Айыпталушының өзі теріс ниеті болмағанын, отбасы және денсаулық жағдайына байланысты Бішкекте медициналық тексеруден өтпек болғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036081-aiyptalyp-zatqan-seneunik-qazaqstannan-ketuge-tyrysqan/

pixel