Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен қыз жұмыс істемейтін лагерьден табылды

Жарияланған күні:

Қыз
Қыз бала. Көрнекі фото: pexels.com

Көкшетауда жоғалып кеткен жасөспірім қыз Ақмола облысындағы жұмыс істемейтін лагерь аумағынан табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

7 қыркүйек күні сағат 15.00 шамасында Көкшетауда 2006 жылы туған бойжеткен үйінен шығып, жоғалып кеткен.

Анасы полицияға арыз жазған. Кәмелетке толмаған баланың жүрген жерін анықтау үшін тәртіп сақшылары қаладағы бейнебақылау камераларының жазбаларын, қыздың әлеуметтік желілерін, сондай-ақ оның болуы мүмкін және жүрген жерлерін зерттеді.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында қыз Зеренді ауданындағы жұмыс істемейтін лагерь аумағынан табылды. Ол 7 қыркүйек күні сағат 15.00 шамасында үйден шығып, өтіп бара жатқан көлікпен Зерендіге бет алғаны анықталды. Бойжеткен бұрын осы лагерьде демалып келген", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті.

Кәмелетке толмаған қыз бала Көкшетауға жеткізілді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, оған қатысты заңсыз әрекеттер жасалмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036127-koksetauda-iz-tussiz-zogalyp-ketken-qyz-zumys-istemeitin-lagerden-tabyldy/