"Жел, қар аралас жауын-шашын": алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер 12-14 қыркүйек күндері елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамандардың болжамынша, республиканың басым бөлігінде әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбыр жауады.
12 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қатты жаңбыр күтіледі.
Синоптиктер Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады деп болжады.
Метеорологтардың мәліметінше, республиканың бірқатар өңірінде күн жылынады. Атап айтқанда, еліміздің солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы +13...+23 градустан +15...+25 градусқа дейін көтерілсе, солтүстікте +10...+15 градустан +12...+17 градусқа дейін жоғарылайды.
Орталық өңірлерде термометр бағаны +10...+23 градустан +12...+23 градусқа дейін көтеріледі.
Еліміздің батысында ауа райы күндіз +18...+25 градус, оңтүстікте +22...+30 градус , еліміздің оңтүстік-шығысында +18...+27, таулы аймақтарда +7...+12 жылы болады деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036129-zel-qar-aralas-zauyn-sasyn-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/