Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтардың меншігінде қанша яхта мен ұшақ бар екені белгілі болды

Опубликовано:

Теңіздегі яхталар
Теңіздегі яхталар. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтардың меншігінде 500-ге жуық яхта, 248 ұшақ бар. Бұндай деректер "Ашық НҚА" порталындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық кодексінің жобасындағы Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында жарияланды.

"Шектеулі адамдар тобында (жеке тұлғалардың меншігінде 490 яхта, заңды тұлғалардың меншігінде 176 яхта, жеке тұлғалардың меншігінде 248 ұшақ, заңды тұлғалардың меншігінде 665 яхта) бар", - делінген құжатта.

Сонымен қатар құжатта келтірілген мәліметтер бойынша Қазақстанға құны ондаған миллион теңге тұратын қымбат алкогольдік өнімдер әкелінген.

"Қазіргі уақытта елге келесі қымбат тауарлар әкелінген: арақ бұйымдарын – 0,70 литр үшін 5 995 968 теңге сомасына "MACALLAN 50YO" вискиін (акциздің сомасы – 714 теңге), 3 литр үшін 4 225 131 теңге сомасына "Cognac Remy Martin Louis XIII" коньягын (акциздің сомасы-300 теңге), "Сhateau Petrus" шарабы 0,75 литр үшін 888 929 теңге (акциздің сомасы - 26 теңге), сондай-ақ 15 дана үшін 143 100 теңге сомасына "Cohiba" сигаралары, 40 дана үшін 120 000 теңге сомасына "Don Antonio Churchills" сигаралары әкелінді", - делінген құжатта.

Құжатта халықтың бай топтары халықаралық тәжірибеге сәйкес сәнді тауарларға жоғары салық төлеуі керектігі атап өтілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036165-qazaqstandyqtardyn-mensiginde-qansa-yaxta-men-usaq-bar-ekeni-belgili-boldy/

pixel