Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да құны 50 млн теңге болатын балық заңсыз тасымалданған

Опубликовано:

Балық
Балық. Көрнекі фото: pexels.com

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны құны 50 миллион теңгені құрайтын 7 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған. Бұл туралы ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады.

"Полиция қызметкерлері Омбы-Майқапшағай тас жолынын патрульдеу барысында облыс орталығының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы КамАЗ-ды тоқтатқан", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, көлікті тексеру кезінде ер адамның балық толтырылған 280-нен астам полиэтилен пакеттерін тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны белгілі болды.

Жүргізушінің айтуынша, ол жүкті облыстағы ауылдардың бірінен Өскеменге тасымалдаған.

"Күдіктінің салмағы 7 тоннадан асатын көксерке балықтарын қаптарға салып тасымалдағаны анықталды. Келтірілген шығын 50 миллион теңгеден асады.

Қылмыстық кодекстің 335-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036231-sqo-da-quny-50-million-tenge-balyq-zansyz-tasymaldangan/

pixel