Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында оқушы өзіне қол жұмсамақ болған: Оқу-ағарту министрлігі жағдайға пікір білдірді

Жарияланған күні:

Окушы
Оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы облысында мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болған жайтқа қатысты Балалардың құқығын қорғау комитеті Facebook желісіндегі ресми парақшасында түсініктеме берді.

Almaty_kris_p Telegram арнасы баланың ауруханада жатқан сәтінен суретті жариялады. Фотосуретке мектеп оқушысының әжесі түсірген аудиожазба қоса берілген. Оның айтуынша, мектеп оқушылары немересін өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген.

Фотосуреттің сипаттамасында оқушыны ауыр жағдайда анасы тауып алып, жедел жәрдем шақырғаны айтылған.

Балалардың құқығын қорғау комитеті бұл жағдай ведомствоның бақылауында екенін мәлімдеді.

"Алматы облысында он жасар оқушымен болған оқиғаға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды. (...) Болған жайттың барлық мән-жайын анықтау мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің, Алматы облысы білім басқармасының басшылығының өкілдері бала оқитын мектепке жедел тәртіппен барды", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036240-almaty-oblysynda-oqusy-ozine-qol-zumsamaq-bolgan-oqu-agartu-ministrligi-zagdaiga-pikir-bildirdi/