Көкшетауда жүк көліктерін заңсыз тіркеді деген күдікпен арнайы ХҚКО қызметкерлері ұсталды
Жарияланған күні:
Көкшетауда 2 жыл бойы жүк көліктерін заңсыз тіркеу бойынша қылмыстық қызметті жүзеге асырды деп бір топ адам, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері күдіктелуде. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, тергеу барысында аумақтық департаменті Көкшетау қаласының ХҚКО мамандандырылған бөліміне Еуропадан әкелінген 100-ден астам автокөлік құралын алғашқы тіркеу үшін алым төлеу туралы жалған төлем құжаттарын беру фактілері анықталған.
"Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 700 млн теңгеден астам шығын келтірілді.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдіктілерге қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады", - деп жазылған агенттік хабарламасында.
Агенттікте Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036249-koksetauda-zuk-kolikterin-zansyz-tirkedi-degen-kudikpen-arnaiy-xqko-qyzmetkerleri-ustaldy/