jitsu gif
Шоубиз

    Танымал актер Рамазан Амантай жуырда өзінің жеке туындысын жарыққа шығарды

    “Әкеге апарар жол” фильмі
    Сүрет: Alash films

    Қазақ киносы тағы бір туындымен толықты! Көпшілікке "Бизнес по казахский" комедиясы арқылы танылған Рамазан Амантай өзінің жеке туындысын жарыққа шығарды.

    Танымал актер бұған дейін, ақындық қырымен көзге түссе, енді продюсер болуды да мықтап қолға алған. Жақында актер "Әкеге апарар жол" атты жаңа фильмінің тұсауын кесті.

    “Әкеге апарар жол” фильмі
    Фото: Alash films

    Фильм қоғамда әкелердің рөлі жоғары екендігін меңзейді. Комедиялық талас-тартыс, драма, дәл осы кинода жарасын тапқан. Фильмнің дәл әкелерге арналуы да тектен-тек емес. Оған себеп әкеге арналған отандық фильмдердің аздығы.

    "Қоғамда, жалпы отбасыда әкелердің қадірі жоғары екендігін осы фильм арқылы жеткізгім келді. Бұл кино жеңіл, әрі мағыналы. Халыққа барынша қызықты, сапалы дүние ұсындық деп ойлаймыз", - дейді Рамазан Амантай.

    “Әкеге апарар жол” фильмі
    Фото: Alash films

    Бұл жолы кинода Рамазан Амантай продюсер әрі актер ретінде бой көрсетті.

    Фильмнің ерекшелігі мұнда қазақ актерлерімен қатар, Ресейлік "Счастливы вместе" ситкомының басты рөлін сомдаған Виктор Александрович Логинов та басты рөлді сомдайды. Бұл Виктор Логиновтың қазақ киносына алғаш рет өз қолдауын білдіруі.

    “Әкеге апарар жол” фильмі
    Фото: Alash films

    Фильмнің қоюшы режиссері Тимур Дулатов, қоюшы операторы Асылхан Мелдебеков.

    Киноның сюжеті де өзгеше. Өмірден өткен әкесінің жүрегі өзге ұлт өкіліне салынады. Басты кейіпкер өмірден өтер алдында донор болып кетеді. Шытырман оқиға сол арқылы өрбейді.

    “Әкеге апарар жол” фильмі
    Фото: Alash films

    Фильм көрерменге қыркүйекті 7-ші жұлдызынан бастап жол тартты.

    Қазақстандағы ең жас продюсерге өнер жолында жетістіктер мен табыс тілейміз!!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.