Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағы жүземіз бе": астаналықтар желіде нөсер жаңбыр жауғаннан кейін су басқан көшелердің видеосын бөлісті

Жарияланған күні:

Су басқан жолда келе жатқан көліктер
Су басқан жолда келе жатқан көліктер. Фото: https://t.me/myastanacity

Астанада бүгін, 12 қыркүйек күні ауа райы тағы бұзылды. Нөсер жаңбыр жауғаннан кейін көшелер мен аулаларды су басқан. Елорда тұрғындары әлеуметтік желіде табиғи апаттың салдарын видеоға түсіріп, бөлісуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, жауын-шашынға байланысты қала бойынша 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Су басқан учаскелерде бригадалар жұмыс істеп жатыр.

"Elorda Eco System ұйымы жер үсті ағындарын соруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде тиісті іс-шараларды жүргізуде: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды, құбырларды, нөсер кәріздерін тазарту, кәріз жүйелерінің құрылысын және т.б.

Бұл жұмыстар 200-ден астам проблемалық учаскелерде су басу проблемасын шешуге мүмкіндік берген болатын", – деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Ведомствода нөсерлі кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын салу мәселесі қала әкімдігінің бақылауында екенін атап өтті.

"Биылғы жылы жер үсті ағындарын сору үшін 2,5 шақырымды құрайтын нөсер кәрізінің магистральдық желілерін салу жоспарлануда" – делінген хабарламада.

Ал елордалықтар әлеуметтік желіде су басқан көшелер мен аулалардың, подъездердің видеоларын таратып жатыр.

Видеолардың бірінде тіпті су деңгейі белшесіне жеткен ер адам баланы арқасына мінгізіп, әкетіп бара жатқанын көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036335-tagy-zuzemiz-be-astanalyqtar-zelide-noser-zanbyr-zaugannan-keiin-su-basqan-koselerdin-videosyn-bolisti/