"Тергеу мен соттан бой тасалап жүр": Шымкентте ауруханадан қашып кеткен әйел іздестірілуде
Жарияланған күні:
Полицейлер алаяқтық жасады деп күдікке ілінген шымкенттік әйелді іздестіруде. Ол ауруханадан қашып кеткен, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтары арнасы.
Ведомство мәліметінше, 1983 жылы туған Феруза Корчиева алаяқтық жолмен өзінің танысын алдап, жалпы сомасы 12 миллион 700 мың теңгені қолды еткен. Ол жәбірленушіге "банкте кепілде тұрған мүлкіңді шығарып беремін" деп сендіріп, ақшаны алған соң хабар-ошарсыз ізін суытқан.
Полицейлер бұл деректі Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша тіркеген.
"Алайда әйел тергеу мен соттан бой тасалап жүр. Феруза Корчиева соңғы рет денсаулығының нашарлауына байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерден қашып кеткен.
Суретте көрсетілген әйелді көрген-білгендер болса, бірден полицияның 102 арнасына немесе 8-7252-33-98-42, 8-702-757-79-57, 97-60-09 байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036389-tergeu-men-sottan-boi-tasalap-zur-symkentte-auruxadan-qasyp-ketken-aiel-izdestirilude/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.