jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілерді хабарлауға арналған Telegram-бот іске қосылды

    Телефон қарап отырған қыз
    Telegram қосымшасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға арналған Telegram-бот іске қосылды. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    "Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламаларға жедел ден қою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет @antikorkz_bot Telegram-ботын іске қосты", - делінген хабарламада.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы чат-бот арқылы іздеудегі адамдар туралы ақпаратты да хабарлауға болатынын атап өтті.

    Іздеудегі адамдар бойынша бағдарлар агенттіктің сайтында мына сілтеме бойынша жарияланады.

    Антикор басқа мәселелер бойынша азаматтар 1424 қысқа нөміріне қоңырау шалып, кеңес ала алатынын еске салды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.