Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда кедейлік деңгейі күрт өсті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әмиян мен ақша
Әмиян мен ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда 2023 жылдың екінші тоқсанында кедейлік деңгейі айтарлықтай өскен. Елімізде тұрмысы төмен отбасылар көбінде қай қалада тұратынын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Ұлттық статистика бюросының сарапшылары жүргізген үйшаруашылықтарының бюджеттерін және халықтың әл-ауқатын зерттеуге сәйкес, 2023 жылдың екінші тоқсанында елдегі кедейлік деңгейі шамамен 5,1 пайызды құраған. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Естеріңізге сала кетейік, бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш 4,8 пайыз болған.

Ал кедейлік деңгейі – тұтынуға жұмсалған табысы жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесіне тең. Ол 2023 жылдың екінші тоқсанында республика бойынша айына орта есеппен 47 884 теңгені құраған.

Бюро мәліметінше, бұл көрсеткіш тұрғылықты жерге байланысты өзгеріп отырады. Мәселен, қалаларда кедей халықтың үлесі орта есеппен 3,9 пайыз болса, ауылдық жерлерде 7,2 пайыз.

Өңірлер бойынша кедейліктің ең жоғары шегі Түркістан облысында тіркелген. Мұнда кедей халықтың үлесі 9,7 пайыз. Сондай-ақ көшбасында Жетісу (7,7 пайыз), Абай (7,6 пайыз) облыстары және Қазақстандағы жалақы көрсеткіші бойынша екінші орында тұрған Маңғыстау облысы (6,6 пайыз) тұр.

Сарапшылардың зерттеуінше, Астана 2,5 пайыздық көрсеткішпен кедейлік деңгейі ең төмен қала деп саналады. Алматыда бұл көрсеткіш 4,5 пайыз, ал Шымкентте 6,4 пайыз.

Сарапшылардың пікірінше, кедейшіліктің туындауына отбасы мүшелерінің саны да қатты әсер етеді. Көпбалалы жанұялардың ішінде кедейлер саны көп. Мәселен, 5 және одан да көп адам бар отбасыларда 2023 жылдың екінші тоқсанында кедейлік деңгейі 9,2 пайызды құраған, бұл орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары.

Бұл ретте, 4 адам бар отбасыларда кедейлік деңгейі – 2,8 пайызды, 3 адам бар отбасыларда – 1,4 пайызды, екі адамнан тұратын отбасыларда 0,5 пайызды құраған. Жалғыз тұратын қазақстандықтар арасында кедейшілік деңгейі – 0,2 пайыз.

Осылайша, халықтың табысының тұрғылықты жері және отбасының көлеміне байланысты саралануы әлі де сақталатынын атап өтуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036405-qazaqstanda-kedeilik-dengeii-kurt-osti/