Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 млн теңгеден астам қарыз: Астанада алимент төлемеген ер адам қамауға алынды

Опубликовано:

Ақша ұстап отырған қыз бала
Ақша ұстап отырған қыз бала. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордада алимент төлеуден жалтарған азамат жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы ресми сайтында хабарлады.

"Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы алимент бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы талдау жүргізу барысында 2015 жылдан бері 19 млн теңгеден астам берешегі бар алимент төлемеген тұлғаны анықтады", - делінген хабарламада.

Астана қаласы прокуратурасының хабарлауынша, аудандық прокуратура "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғаған.

"Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен борышкер 5 тәулікке қамауға алу әкімшілік жауапкершілігіне тартылды", - деп жазады елорда прокуратурасы ресми сайтында.

Астана қаласы прокуратурасының ресми сайтында алимент төлеуден жалтарғаны үшін азаматтарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілік не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ 2 жылға бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036458-19-mln-tengeden-astam-qaryz-astanada-aliment-tolemegen-er-adam-qamauga-alyndy/

pixel