Қазақстанның оңтүстігінде ішінде адам денсаулығына қауіпті заттар жатқан сөмке табылды
Жарияланған күні:
Жамбыл облысында темір жол өткелінің жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттан оқ-дәрі салынған сөмке табылды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.
Порталдың мәліметінше, Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау кезінде Шу қаласының темір жол өткелінің жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттан белгісіз сөмке тапқан.
Сөмкеден мынадай тыйым салынған заттар мен қару-жарақтар табылған:
- 12 калибрлі ИЖ екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық;
- 12 калибрлі ТОЗ-63 кесілген қос ұңғылы мылтық;
- жарық шу гранатасы;
- 91 түрлі калибрлі патрон;
- 1 жұп тізе таңғыш және дене сауытының қабы.
"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және сараптама тағайындалды", – деді полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036491-qazaqstannyn-ontustiginde-isinde-adam-densaulygyna-qauipti-zattar-zatqan-somke-tabyldy/