Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да жетім қызды жезөкшелікке салып, жәрдемақысын тартып алған әйел сотталды

Жарияланған күні:

Кісен салу
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

СҚО-да 39 жастағы әйел бойжеткенді алдап, жезөкшелікке тартқан. Әйел Қылмыстық кодекстің үш бабы притон ұйымдастыру, алаяқтық және адам саудасы бойынша сотталды, деп СҚО Полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында.

СҚО полиция департаменті мәліметінше, 2022 жылдың мамыр айында 39 жастағы Петропавл тұрғыны жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған.

"WhatsApp арқылы массаж жасаушының жұмысын уәде етіп, Ақмола облысынан келген 18 жастағы жетім қызды алдап, жезөкшелікке тартқан. Бойжеткен бірнеше рет интимдік қызмет көрсетуден қашып шығып, колледжде оқуын жалғастыруға тырысқан, бірақ пысық әйел оған күш қолданып, моральдық қысым көрсетіп, кері қайтарып отырған. Клиенттерден түскен барлық ақшаны өзінің қалтасына басқан. Сондай-ақ ол 2,7 миллион теңге көлеміндегі асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша қызға берілген жәрдемақыны, 150 мың теңге көлеміндегі жиналған шәкіртақысын да өзіне аударып алған", - делінген хабарламада.

Облыстық ПД мәліметінше, әйелдің жұмысы мұнымен тоқтамаған. 2023 жылдың көктемінде Петропавлда сыпырып-жуушының жұмысын іздеп жүрген әйелмен танысып, оны да алдап, Ақмола облысына жыныстық пайдалану үшін 250 мың теңгеге сатып жібермек болған.

"Алайда осы әрекетін жүзеге асырмақ болғанда оны СҚО Полиция департаменті ҰҚҚКБ қызметкерлері ұстады. Тамыз айында сот оған притон ұйымдастыру, адам саудасы және алаяқтық жасағаны үшін үкім шығарды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді хабардар етті департаменттен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036503-sqo-da-zetim-qyzdy-zezokselikke-tartyp-zardemaqysyn-algan-aiel-sottaldy/