jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанада гипермаркет ішінде 4 жігіт бұзақылық жасап, іс-әрекетін видеоға түсіріп алған

Бұзақылық жасаған жігіттер
Бұзақылық жасаған жігіттер. Видеодаг кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Астанада төрт жігіт гипермаркет ішінде тығылып, ол жабылғанша күткен. Кейін энергетикалық сусындарды ішіп, тәттілерді жеп, еденге аунап, оны видеоға түсіріп алған. Заңды бұзғандар ұсталды, деп хабарлады Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтары арнасы.

Ведомство мәліметінше, 13 қыркүйекте TikTok әлеуметтік желісін бақылау барысында төрт жас жігіт “Анвар” гипермаркетінде оның жабылуын күтіп, ішінде видеоконтент жасағаны анықталды.

"Олар іште қалып, мінез-құлық мәдениетіне сәйкес келмейтін әрекеттерге барған. Құқық бұзушылар жеке күзет мекемесінің жедел әрекет ету тобының қызметкерлерімен ұсталып, кейін олар мән-жайды анықтау үшін полицияға тапсырылды", - делінген ІІМ хабарламасында.

Полиция бұзақылар ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті.

Астанада гипермаркет ішінде 4 жігіт бұзақылық жасап, іс-әрекетін видеоға түсіріп алған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.