Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерболат Досаев келер жылы Алматыда бірнеше мектеп пайдалануға берілетінін айтты

Опубликовано:

Мектеп
Мектеп. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында қала басшысы 2024 жылдың соңына дейін бірнеше мектеп салынатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жиындағы көтерілген мәселе - Әуезов ауданынын сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Мектеп тапшылығын одан әрі азайту әкімдіктің ерекше бақылауында.

Қала әкімі тұрғындарға алдағы уақытта орындалуы керек жоспарларын бөлісті.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бұзылған №97 мектептің орнында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. Құрылысты 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.

№72 мектепті бұзып, қуаты 1200 орынға жететін (қуаты 380-ден 1200 орынға дейін ұлғайту) жаңа ғимарат салу үшін осы жылдың соңына дейін 5 жер учаскесін сатып алу, 10 учаскені қосу арқылы мектептің қазіргі аумағын кеңейту жоспарлануда (Проблемалық кредиттер қоры 10 учаскені Мемлекеттік активтер басқармасына берді, 5 учаскені сатып алу аяқталғаннан кейін Жер қатынастары басқармасының желісі бойынша учаскелер 1 мемлекеттік актіге біріктіріледі). Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу 2024 жылдың I-ші тоқсанында басталады.

Сондай-ақ 2024 жылдың I-ші тоқсанында "Everest Development" компаниясы №104 мектепке (2-шағын аудан, 59-үй) 400 оқушы орындық қосымша құрылыс салуды бастайды.

2 мектепті бұзып (№13 мектеп-гимназия, 860 орын; №158 мектеп, 620 орын), олардың орнында әрқайсысы 1 200 оқушы орнын құрайтын 2 жаңа мектеп салу (барлығы 2400 орын) мәселесі пысықталуда. Биылғы жылдың соңына дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кірісуді жоспарлап отырмыз.

Талдау қорытындысы бойынша 2 мектеп анықталды, оларға 700 оқушы орындық қосымша құрылыс салуды жоспарлап отырмыз. № 1 мектеп бойынша 400 орындық қосымша құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы 2024 жылдың I-ші тоқсанында басталып, қазан айында аяқталады. №42 мектеп бойынша 300 орындық қосымша құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы шілде айында басталды. Мемлекеттік сараптамадан кейін 2024 жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда.

Бұдан басқа "Таугүл-3" шағын ауданында 350 орындық "Zerdesh" жеке меншік мектебін ашу үшін ғимаратты реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды қараша айында аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ №141 және №127 мектептерді сейсмикалық күшейтіп, күрделі жөндеу аяқталды", - деді Досаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036540-erbolat-dosaev-keler-zyly-almatyda-birnese-mektep-paidalanuga-beriletinin-aitty/

pixel