Үлескерлерді 606,5 млн теңгеге алдап кеткен: ШҚО-да компания басшысы қамауға алынды
Жарияланған күні:
Шығыс Қазақстан облысында үлескерлік құрылыс үшін 606 миллион теңге жинап, өз міндеттемелерін орындамаған ЖШС қызметкерлеріне қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram арнасында.
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ЖШС-нің лауазымды қызметкерлері 2021-2023 жылдар аралығында үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсаты болмай, пәтерлерді ерте кезеңде брондау арқылы азаматтарды үлестік құрылысқа белсенді тартқаны анықталды.
"Халықтың сенімін асыра пайдаланып, оларды алдау арқылы 606,5 млн теңге сомасында ақша қаражатын иемденді", - деп хабарлады агенттік.
Қазіргі уақытта тараптардың қосымша келісімдер жасасу арқылы пәтерлерді алдын ала брондау шарттары тоқтатылды, құрылыс жұмыстары жүзеге асырылмайды. Сот шешімімен ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға берілген лицензиясы тоқтатылды.
"ЖШС жетекшісіне соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды", - деп қорытындылады ҚМА.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036557-uleskerlerdi-6065-mln-tengege-aldap-ketken-sqo-da-kompaniya-bassysy-qamauga-alyndy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.